Алматыда короновирустың алдын алу үшін ситуациялық орталық құрылмақ

Алматыда короновирустың алдын алу үшін ситуациялық орталық құрылмақ
Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда короновирустың таралуына жол бермеу үшін арнайы жоспар бар.  Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді. Әлемнің 118 елінде тіркелген инфекцияға қарсы тұру үшін дайындық пысықталуда. Ерекше режимде жұмыс істеуге көшкен қала әкімдігі ситуациялық орталық құрмақ. Тіпті арнайы сайт ашылып, жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Сондай-ақ, мемлекет қаржысына өтетін барлық іс шаралар тоқтатылады. Өз қаржысынан өткізетін жекеменшіктерге де ескерту қағаздары жіберілді. Ал халық көп қатынайтын қоғамдық көліктерде жиі жиі дезинфекция жүргізілмек.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бері Алматыға шетелден 12 мыңнан астам адам келген. Қазіргі таңда 497 адам карантинде жатыр. Оның «1а» категориясына жататын елдерден келгендер 14 күн ауруханаға, ал Франция, Германия, Испаниядан келгендер үйде карантинге жатқызылды.

Новости партнеров