Қарағанды
полицейлері хайуанаттар бағында жануарларды таспен ұрғандарды ұстады. Олар
екі арыстан қамалған торға тас лақтырған, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Куәгерлер
түсірген видео әлеуметтік желілерде таралып кетті. Видеодан екі ер адамның тордың арасына саусағын тығып,
арыстандарды ызаландырғаны көрінеді. Бұзақылар ол үшін тіпті қоршаудан аттап
өтуден тайынбапты.
Хайуанаттар
бағының директоры полицияға арыз жазды.
Бұзақылардың
жеке басы анықталды, ер адамдар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік
жауапкершілікке тартылды.
Құқық
бұзушылардың бірі – 28, екіншісі – 23 жаста, олар Шымкент қаласының тұрғыны қазіргі
уақытта Қарағандыдан шығып кеткен. Бірақ туған қаласына келгенде ол 10 айлық
есептік көрсеткіш (1 АЕК – 2525 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 10
күнге дейін қамауға алынады.
Қарағанды
хайуанаттар бағы – 1938 жылы ашылған Қазақстандағы ең көне орындардың бірі.