Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы апатқа байланысты өңірде төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыс тұрғындары күніне 3-5 сағатқа электр энергиясынан ажыратылады. Ең үлкен шектеулер өнеркәсіп орындарына енгізілуде. Бұл шешім тұрмыстық энергия тұтынушыларына ыңғайсыздық тудырмау үшін қабылданып отыр. Ауруханалар, балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандар электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі.
– Маңғыстау облысының басшылығымен жедел штаб құрылды. Оған барлық коммуналдық қызметтердің өкілдері кірді. Маңғыстау облысының әр жеріндегі елдімекендерде жарықты циклдық, яғни кезегімен өшіру туралы шешім қабылданды. Өз тарапымыздан Маңғыстау өңірінің тұрғындарына апатты жағдай толық жойылғанша электр энергиясы үнемделетінін ескертеміз, – деді «МАЭК» АҚ Орталық-реттеу қызметінің бастығы Өмірбек Нұғиев.