«Далада қалдық»: үйі өртенген атыраулықтар әкімдіктен көмек сұрады

Almaty.tv
Almaty.tv
Әкімдік орналастырған жатаханада жөндеу жұмысы жүріп жатқан көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Доссор кентінің тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды. Олардың айтуынша, 2 ай бұрын үйлері өртке оранып, бұқара бала-шағасымен далада қалған. Қазір олар аудандағы жатаханада тұрып жүр. Өйткені барар жер, басар тауы қалмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бала-шағамызбен далада қалдық» деген тұрғындар ала таңмен облыстық әкімдік алдына жиналды. Екі ай бұрын үйі отқа оранып, 6 отбасының баспанасы түгі қалмай жанып кеткен. Кейін аудан әкімдігі бұл тұрғындарды мектеп-интернатың жатақханасына орналастырып, қаржылай көмек көрсетілетінін айтқан. Бұқара әкімдік үй берсін деп талап қойып отыр.

– Бізге баспана керек. Екі ай болды, осылай жүрміз. Басында 45 күн ішінде баспана берілетінін айтқан. Күттік, енді сабақ басталды, – деді Доссор кентінің тұрғыны Алмагүл Мұратбай

Үйі өртеніп, баспанасыз қалғандардың бірі – Лаура Сатыбалдиева. Туған-туыстың үйін жағалаудан шаршаған келіншек әкімдік орналастырған жатаханада жөндеу жұмысы жүріп жатқанын айтты.

– Мектеп-интернаттың жатаханасында тұрып жатырмыз. Оның ішінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бояудың иісі тамаққа сіңіп қалады. Кішкентай балаларым бар. Сондай-ақ аяғым ауыр, қайда барамыз? Көбіміз жұмыс істемейміз, – деді Доссор кентінің тұрғыны Лаура Сатыбалдиева.

Бұқараның мұң-мұқтажын тыңдауға жауаптылар шықты. Әу баста тұрғындарға 640 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Бірақ бұл қаражат оларды қанағаттандырмаған соң, қазір қосымша қаржы қарастыруды қолға алыпты. Құжаттары реттелген соң жағдай жасаймыз, әзірге тек күту қажет дегенді алға тартты.

– Қаражат көлемі ұлғайтылып жатыр. Үй мәселесі өзекті боп тұр. Доссорды барып, тексеріп кеттік. Онда апатты үй көп. Жатаханада тұра бермейді, көмек көрсетеміз. Осы мәселе бойынша аудандық әкімдік жұмыс істеп жатыр. Қаржы қатысты құжат қыркүйекте дайын болуы тиіс, – деді Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Марат Қарамолаев.  

Жауаптылар тілсіз жаудан зардап шеккендерге тек қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.  

Айта кетейік, осы жылдың 16 маусымында апатты үйде тұтанған өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. Ал жалпы облыс бойынша қазір 25 мың адам үй кезегінде тұр екен.

Ұлағат Арғын, Нұрбек Шәйден, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: елімізде бірнеше ауылды су басты

Новости партнеров