Нұр-Сұлтанда жасөспірім мен әйелдің үстіне баннер құлады

28.05.2022 01:25

Денелері көгеріп, жарақат алғандар көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтанда жасөспірім мен әйелдің үстіне баннер құлады. Шаң аралас дауыл металл конструкцияны ұшырып әкетіп, екі адамды басып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Денелері көгеріп, жарақат алғандар көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің денсаулығына ешқандай қауіп жоқ дейді.

«Қабылдау бөлімі деңгейінде мамандар қарап шықты. Толық медициналық тексеріс жүргізілді. Әйел бізде қазір ауруханада жатыр. Жағдайы қалыпты әрі толыққанды ем қабылдағанша ауруханада жатады. Ал жасөспірім қыз бала оған да медциналық тексеріс толық жүргізілді. Оның жарақаттары аса қауіпті болған жоқ. Өміріне ешбір қауіп төнген жоқ», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.