Транскаспий дәлізі бойынша тауар тасымалы жылына 10 миллион тоннаға дейін жеткізілмек. Серіктес мемлекеттер бұл бағытта бірлескен шараларды күшейткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан, Әзербайжан, Түркия мен Грузия арасындағы 2027 жылға дейінгі кедергілерді жою және Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, көлік дәлізінде Достық-Мойынты жобасы, Алматы стансасын айналып өтетін темір жол сынды ауқымды жобалар қолға алынған.
– Атап айтатын болсақ, Достық – Мойынты жобасы бойынша 400 км жол төселінді. Оның ұзындығы 836 км. Келесі жылы толықтай пайдалануға берілетін болады. Алматы станциясын айналма жолы бойынша 73 шақырымда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жобаны да келесі жылы толық аяқтаймыз деп отырмыз, – деді
Транскаспий халықаралық дәлізін дамытуды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тек көрші елдермен қарым-қатынасты жасқартып қана қоймай, Еуропаға да жүк тасымалдауда тиімді. Көлік министрлігінің ақпарына сай, шетелдік порттар арқылы мұхитқа шығуға мүмкіндік бар.
– Негізгі жүк ағыны Қытайдан, Орталық Азиядан келеді. Құрық порты арқылы жүретін паромдық қатынаста 7 айдың көрсеткіші бойынша 35 пайызға өскен, – деді ҚР Көлік министрлігі Көлік саясаты департаменті директорының орынбасары Сәтжан Өзбеков.
Оқи отырыңыз: Ауыл – ел бесігі: 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді