Алматыда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған көрме ашылды

18.06.2022 01:09

Көрме 2 аптаға созылады

Almaty.tv

Алматыда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында жұрт назарына тар заманнан сыр шертетін 32 фотосурет ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дайындыққа бір жылға жуық уақыт кеткен. Ал тың деректерді жинауға қуғын-сүргін құрбандарының туыстары атсалысқан.

«Әркімнің өзінің атқарған қызметі болды және міндеін тамаша орындады деп ойлаймын. Көрме 2 апта өтеді. Негізгі бұл фотокөрменің мақсаты – тариқты көпшілікке түсінікті жолмен жеткізу», –деді «Shon» қорының өкілі Әлия Болатхан.

«Кейде бұл тарихи оқиғаны еске алу қиын. Бірақ олай екен деп, ұмытып кетуге болмайды. Ол замандағы қиындықты менің де жақындарым бастан кешті. Мен соны естіп өстім. Сондықтан қазіргі уақытты, бейбітшілікті бағалай білген жөн дегім келеді», – деді ерікті Татьяна Каппа-Мута.