Табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы мен аға инспекторлары жауапқа тартылды

Видеодан кадр / Кадры из видео Almaty.tv
Видеодан кадр / Кадры из видео Almaty.tv
Олар қызметтік өкілеттілігін заңсыз пайдалану арқылы 800 мың теңге сомасын иемденген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда табиғат пен экологияны қорғауға тікелей жауапты лауазымды тұлғалар арасында өрескел заң бұзу фактілері тіркелді. Биыл ақпанда Бостандық ауданының табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы мен сол бөлімшенің аға инспекторлары сотталып, оларға айыппұл түрінде жаза тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Анықталғандай, шенеуніктер қала кәсіпкерлерінің бірінің құрылыс жүргізген учаскесіндегі ағаштарды кескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпаған. Сондай-ақ алдау және қызметтік өкілеттілігін заңсыз пайдалану арқылы 800 мың теңге сомасын иемденіпті.

– Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 24 миллион теңгені құрады. Бұдан басқа, қосымша жаза түрінде аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының бұйрығымен, Бостандық ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшылары қызметінен босатылып, толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескертілді, – деді ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бірінші орынбасарының м.у.а. Қанат Сәлімбаев.

Оқи отырыңыз: Интернет алаяқтардың құрыққа түсіру тәсілі қандай

Новости партнеров