Түркістан облысында өзенге батып кеткен қыз әлі табылмады

Almaty.tv
Almaty.tv
Сайрамсу өзенінің бойында суретке түскен 16 жастағы бойжжасөспірім еткен суға ағып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында фотоға түсемін деп суға ағып кеткен 16 жастағы қыз әлі табылмай жатыр. Бойжеткен үш күн бұрын Сайрам суының бойында тастан тайып құлап, ағын суға батып кеткен. Қыздың туыстары құтқарушылардың жұмысына көңілі толмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

27 шілде күні таңғы сағат 9:30-да «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде қайғылы жағдай болды. Сайрамсу өзенінің бойында суретке түскен 16 жастағы бойжеткен суға ағып кеткен. Содан бері қыздың жақындары өзен бойын торуылдауға мәжбүр. Құтқарушылардың сылбыр жұмысы жағдайды тіпті қиындатыпты.

– Бүгін Шымкенттен алдырдық. «Түркістаннан адам шақырмаймыз» дейді. Ал Шымкенттен бір-ақ машина жіберген. Алты адам не болады? Қыздың суға батқанына үш күн болды, – деді облыс тұрғыны Жәмилә Әтеева.

Түркістанда тұратын Ақерке 10-сыныпты биыл аяқтаған. Төле би ауданындағы нағашыларына барған ол  достарымен қыдырып, ұлттық паркке кетіпті. Ал ағын суға құлағанда қыз жалғыз болмаған көрінеді. Анасының айтуынша, Ақеркенің жанындағы жігіт те бойжеткеннің қолын ұстаған күйде бірге құлап кеткен.

– Бала да бірге қол ұстатып түсіп кеткен деді. Көретін жарығы бар шығар, «есімді жинап, шықтым» дейді. Ол талдан ұстап қалған. Қыз сол күйі ағып кеткен, – деді А. Сұлтанбектің анасы Қамажай Шортанова.

Фотоға түсемін деп суға ағып кеткен бойжеткенді іздеуге барлығы 65 құтқарушы кіріскен. Алайда Сайрамсуға батқанына екі тәуліктен асқан қыз әлі табылған жоқ. Жергілікті құтқару қызметі болса, оқиғаға қатысты тек мынадай ақпар таратты:

Түркістан облыстық ТЖД:

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің 6 қызметкері мен 3 бірлік техникасы іздеуге атсалысып жатыр. Ал жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері де іздеу жатыр».

Айта кетейік, Ақерке үйде 6 баланың ортаншысы. Әкесі екінші топ мүгедегі. Әзірге бұл іске қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Полиция департаменті тергеу бойжеткеннің денесі табылған соң бір-ақ басталатынын айтты.

Назерке Үкібасова, Александр Крапивкин, «Алматы» телеарнасы, Түркістан облысы

Оқи отырыңыз: Бурабайға демалуға барған қыз жол апатынан көз жұмды

Новости партнеров