Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» повесті ағылшын тіліне тәржімаланды

28.09.2019 01:11

Туындыны АҚШ-тағы оқырман зор таңданыспен қабылдаған. Мұны бүгін «Әуезов оқуларына» жиналған қазақ қаламгерлері алға тартты.  Дәстүрлі түрде өтетін шара бұдан бөлек, жазушының «Ауыл» және «Қаралы сұлу» повесттерін Сайман Геган және Сайман Холиксвордж  аудармашылары алғаш рет ағылшын тіліне тәржімалағаны да айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Одан бөлек,  Қазақстан-Америка ынтымақтастығының ғылыми жобасы аясында Мұхтар Әуезовтың тағы да бірнеше туындылары түрік және араб тілдеріне аударылуы жоспарланып отыр. Ал қоғам қайраткері Мұрат Әуезов,  Алаш қайраткерлерімен Мұхтар Әуезовтың  байланысын тереңдей зерттеу қажеттігін баса айтты.

«Мысалы жақсы мамандар жазып жатыр. Бірақ «әттегенай» дейтін де жағдайлар бар. Өйткені шынымен Мұхтар Әуезов және оның Мұхтардай жазушы, ғалымның дүниеге келіп қалыптасуына себеп болған Алаш азаматтарымен екі буынның арасындағы байланыс әлі дұрыстап зерттелмеген қоғам қайраткері", - деді Мұрат ӘУЕЗОВ.