Жұқпалы ауру: Теміртаудағы әскери бөлімде 36 қызметкер ауруханаға жатқызылды

22.08.2024 01:13

Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды

Almaty.tv

Қарағанды облысына қарасты Теміртаудағы әскери бөлімде 36 қызметкер жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық ұланда жұмыс істейтін 31 сарбазға ішек инфекциясы диагнозы қойылса, қалған бесеуі жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған. Қазір азаматтардың жағдайлары бірқалыпты. Ал аталған оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да туберкулезден көз жұмғандардың саны артты