Атырауда үлескерлер алданып қалды: кооператив төрағасы 271 адамнан ақша жинап алған

24.06.2023 01:14

Қызметкерлер тұрғындардан үй салып береміз деп ақша жинаған

Almaty.tv

Атырауда үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы мен қызметкері сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нақтырақ айтсақ, тұрғындарды сан соқтырып, миллиондап ақшаны қалтаға басқандар енді 6 жылын абақтыда өткізеді. Олар үй салып беремін деп, 271 адамнан 2 миллиард теңгедей қаражат жинап алыпты. Алайда құрылыс орта жолдан тоқтап қалған. Ал іргетасы 3 жыл бұрын қаланған тұрғын жайлардың қазіргі құны 1 миллиард 400 миллион теңгеге бағаланып отыр. Енді жәбірленушілер азаматтық сотқа қайта арызданамыз дейді.

«Жәбірленушілердің өтініш хаты қанағаттандырылды. Қанағаттандырудың негізінде атқару парағын алады. Ол парақ жеке сот орындаушыға түсіп, сол арқылы ақшаны өндіріп алады», – дейді прокурор Абылайхан Алтынбек.