Алматыда дезинфекциялау жұмыстарының 18-кезеңі басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жұмысқа 64 бригада тартылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сауда орталықтары мен асханалар ашылса да, көшелер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстары жалғаса береді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Бүгін 18-кезең басталды. Жұмысшылар бір күнде үш мыңға жуық тұрғын үй мен 8 мыңға жуық подъезді, мың үш жүзден астам ауланы залалсыздандырды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылған. Ауру ошақтары белгіленген аймақтарда да тазалық шаралары күшейген. Бүгінде қалада 17 ауру ошағы бар. Аса қауіпті жерлерді дезинфекциялау күнделікті жүргізіледі.

«Біз нысандарды арнайы акмахлор деген затпен дезинфекциялаймыз. Бұл ерітіндінің қауіптілігі төртінші деңгейді құрайды, яғни теріге немесе көзге тиіп кетсе, аса зиян емес. Бір тоннаға 200 таблетка салып араластырамыз», – деді  Әуезов ауданы бойынша дезинфекция жұмыстарының жетекшісі Нұржан ТОҚАШОВ.

Арнайы тартылған дезинфекторлардан бөлек мұндай санитарлы жұмыстарға пәтер иелерінің кооперативтері де қатысады.

«Біз подъездердегі дезинфекциялық жұмыстарды күнде жасаймыз. Сондай-ақ түнде де тазалық жүргіземіз. Тіпті үй маңындағы ағаштарға да сұйықтық шашып қоямыз. Бірақ алдын ала тұрғындарға түнде терезе ашпауді ескертеміз», – деді ПИК төрайымы Зульфира БАКИЕВА.

Новости партнеров