Наурызбай ауданында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шараға 40-қа жуық кәсіпорын иесі тұрғындарға өз мамандығы бойынша жұмыс орнын ұсынды. Аудан бойынша көбінесе дәрігер, мұғалім, есепші және сатушы сынды мамандық иелері сұранысқа ие.
Айта кетсек, жәрмеңкеге ауданда тұрып жатқан жұмыс іздеушілердің бәрі шақырылған.
«Жұмыс іздеген жанға бұл – үлкен мүмкіндік. Осының арқасында әр адам қоғамға өз үлесін қосады. Өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істейді», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Иван Иванов.
«Жұмыс іздеушілер өзінің мамандығы мен қабілетіне сай жұмыс орнын табады. Бұл жерде олар сұрақтарға жауап беріп, кейін жұмыс берушімен кездеседі. Осылайша, әр адам өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алады», – деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Әсел Жүнісова.