Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында қаланың қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі қаласына жасалған террористік шабуыл салдарын өз көзімен көру үшін Алматыға арнайы келгенін атап өтті.
«Өздеріңізге мәлім, Алматы – менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, білім алдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – менің Президент ретінде және еліміздің азаматы ретіндегі перзенттік парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкімет тиісті қаржыны бөледі. Сондықтан бірлесіп, бір ұжым болып жұмыс істеуіміз керек. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл өте үлкен жұмыс», – деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы сонымен қатар, зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.