Тұман түсіп, көктайғақ болады: 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

shymkenttv.kz
shymkenttv.kz
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, орталықта, солтүстікте бұрқасын күтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Антициклон ҚР солтүстік және солтүстік-батыс өңірлеріне әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің қалған аумағында оңтүстік циклондар мен фронтальды бөліктердің әсерінен қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жауын - шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, орталықта, солтүстікте бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-25 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктерінде тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерінде тұман түседі, таулы аудандарда – көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың шығысында тұман түседі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Новости партнеров