|
29.05.2023 | 21:16
3229

Бірыңғай жинақтаушы қорындағы ақшаны кімдер жұмсай алады

Елімізде 75 000 азамат осындай мүмкіндікке ие

Бірыңғай жинақтаушы қорындағы ақшаны кімдер жұмсай алады Фото: Максим Золотухин

Қазақстандық зейнеткерлер енді зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады. Салымшылар қордағы қаражатының тең жарымына дейін қолдануға мүмкіндік қарастырылған. Әлеуметтік кодекс аясында іске асырылып отырған бастамаға кімдер ілігеді? Тәртібі қандай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының қонағы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жауап береді.

– Сәкен мырза, кеш жарық! Біріңғай жинақтаушы қорындағы ақшасын кімдер, қай мақсатта жұмсай алады?

– 2023 жылдың бірінші шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс аясында яғни, бірыңғай жинақтаушы жүйесінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлер өз қорындағы қаражатын үй мәселесіне және де денсаулығын жақсарту мақсатында  шешіп алуға мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік әскери зейнеткерлерге арналған. Әскери зейнеткерлер еңбек сіңірген жылдары үшін қордағы сомасын осындай мақсатқа қолдану мүмкіндігіне ие. Елімізде 75 000 азамат бар. Олардың шеше алатын сомасы 120 млрд теңгені құрайды. Бұдан бөлек, қалған азаматтар қолданыстағы 50 пайызын шешіп алу мүмкіндігне ие. 2021 жылдан бастап елімізде 1млн 300 мың адам БЖЗҚ-ына өтінім білдірді. Олар зейнетақы қорындағы ақшасын үй мәселесін, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алған болатын. Бұл мүмкіндікке әскери қызметкерлер, ҰҚК мен қорғаныс істері саласында істеген қызметкерлер қол жеткізе алады.  

– Қордағы ақшаны кімдер алатыны түсінікті болды. Енді тәртібін айтып өтсеңіз. Өтінім беру үшін қайда бару керек?

– Ол үшін www.enpf-otbasy.kz сайтына тіркеліп, өз өтінімін бере алады. Зейнеткерлер үшін өте ыңғайлы болмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир