Қордай ауданындағы жанжалдан кейін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды

Қордай ауданындағы жанжалдан кейін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралыҮкімет отырысынан кейін кулуарда журналистердің сауалдарына жауап берген Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тергеу тобы, ішкі істер министрлігі мен өзге де құқық қорғау органдары бірлесіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Жамбыл облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерімен 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оларға қатысу, насихаттау мен шақыруға байланысты істер. Бұзақылық фактілері бойынша 6-дан астам қылмыстық іс, өзгенің мүлкін бұзу бойынша 3 іс, адам өлтіру фактілері бойынша10 қылмыстық іс, тағы екі 2 іс адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қозғалып отыр. Ұсталғандар бар, олар қазір қамауда. Алайда, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес дәп қазіргі кезеңде ондай ақпаратты жария ете алмаймыз», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы  Санжар ӘДІЛОВ.


Новости партнеров