Алматы қаласындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 мектеп-интернаты оқушыларының ата-аналары ұл баланың білім ошағынан қашып кетуін анасы ұйымдастырған деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айтуларынша, білім ордасы әкімшілігінің болған жәйтқа еш қатысы жоқ және ешқандай әлімжеттік жасалмаған. Бала 9 күннен кейін туыстарынан табылған. Өзге ата-аналардың пікірінше, мүгедектігі бар баланың ол жерге өздігінен жетуі мүмкін емес.
«Бұл жерде сынып жетекшісі мен ата-ананың арасында әлдебір ұрыс болған. Сондықтан анасы кек алғысы келді деп ойлаймыз. Егер мектепте әлімжеттік болса, басқа да балалар зардап шегуші еді. Егер жоғары сынып оқушылары өзінен кішкентайларын ұрып-соқса, бүкіл сыныпты соқпайды ма. Алайда мұны сынып мойындап отырған жоқ», – дейді ата-ана Мадияр ЖАНЫСБАЕВ.
Аталған мәселеге еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікірін білдірді. Оның айтуынша, аталған жағдай министрліктің бүкіл интернаттар мен балалар үйінің ашықтығы жөніндегі саясатының дұрыстығын дәлелдеп отыр.
«Сәйкес шаралар қабылданды. Алайда, өздеріңіз білесіздер, біз тек осы тектес мәселе туындағанда ғана әрекет жасамауымыз қажет. Білім министрлінің міндеті – осындай түйткілдің туындамауы үшін саясатты жүйелі түрде құрып, жетілдіру», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.