Елімізде «Қазақ газеттері» холдингі құрылады

24.10.2020 01:20

Барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр

kazislam.kz

Елімізде «Қазақ газеттері» холдингі құрылмақ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіру мәселесіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше бұл уақыт талабы. Барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы ретте редакциялардағы шығармашылық бөлімге оның еш қатысы жоқ, деді министр.

«Бірінші кезеңде «Egemen Qazaqstan» мен «Казправда» газеттері біріктіріледі. Жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС болып құрылады. Осыдан кейін «Қазақ газеттері» АҚ-қа біріктіріледі. Яғни «Қазақ газеттері» деген біртұтас холдинг құрылады. Сол себепті нақты алгоритм бар. Бұл ұжымдардың шығармашылық бөлімдеріне мүлде қатысты болмайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Сонымен қатар, Аида Балаева мемлекеттің қызметіне қатысуға қоғамдық қызығушылықтың өсіп келе жатқанын атап өтті. Министр Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында әлемнің 30-ға жуық елінің тәжірибесін зерделегеyін, онда петиция іс жүзінде қолданылатынын айтты.

«Көптеген елдерде петиция -ұжымдық өтініш білдірудің электрондық формасы болып саналады және заңнамалық деңгейде реттеледі. Осының негізінде, қазіргі таңда, «петиция» ұғымын нақты бекітетін және оны ұсыну мен қарау тәртібін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленуде. Әрине, өтінішті міндетті түрде қарау үшін оған қажетті дауыс берушілердің шекті санын анықтау қажет. Әлемде бұл көрсеткіш 10 мыңнан 100 мың адамға дейін қарастырылады», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық д аму министрі Аида Балаева.

https://youtu.be/BJkZJYX0jeo