|
14.03.2023 | 20:22
3982

Жер дауы: Алматы облысының тұрғындары үлесін қайтаруды талап етіп отыр

Жер телімінің қазіргі заңды иесі бұқараның базынасымен келіспейді

Жер дауы: Алматы облысының тұрғындары үлесін қайтаруды талап етіп отыр Almaty.tv

Жеріміз жекенің жетегінде кетті. Осылай деген Алматы облысының тұрғындары наразылық танытты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еңбегіміз еленбеді деген дүйім ел ертеңгі күнге сенбейді. Жер телімін әлі ала-алмай жүрген олар сең қозғалмай, сауалға жауап жоғын айтты.

«Осы кеңшарда әке-шешеміз істеген. Кербұлақтан өткен жылдан бері қуа бастады. «Малыңды алып, біздің жерден кетіңдер» деді. Біріншіден, үйдің құжаты жоқ», – деді облыс тұрғыны Айдын Хамитов.

«Ұжымшар құрылғанда біреу атын, біреу арбасын алып келді. Сол жерді игеріп, дән алып үлесін қосып отырды. Ал тараған кезде үлесін алуы керек қой. Бірақ бір адам жерін де алған жоқ», – деді облыс тұрғыны Айдар Рахымжанұлы.

Ал аталған жер телімінің қазіргі заңды иесіміз деген «Байсерке Агро» ЖШС директоры көпшілік орынсыз даурығып отырғанын алға тартты. Мекеме басшы бұқараның базынасымен келіспейді.  

«1990 жылы Қажыгелдиннің қаулысымен, мемлекеттің қаулысымен кеңшардағы жер берілмейді деген. Қазір халыққа жұмыс беріп отырмыз», – деді  «Байсерке агро» ЖШС директоры Қазыбек Ақсақалов.

Ал жергілікті әкімдік жекенің ісіне араласа алмайтынын айтты. Алайда бұл даудың бұған дейін де болғанын жасырмайды.

«Бұл кісілер сотқа барды. Соттың шешімі бар. Егер «Байсерке агро» ЖШС қандай да бір заңсыз әрекет етсе, сот арқылы жерді қайтарып алатын еді.  Енді біз егер өтініш жазатын болса, бұл кісілерге сотқа дейін бағыт-бағдар беріп, көмек жасай аламыз», – деді Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәуле Мықтыбаева.

Панфилов ауылындағы 2200 гектар жер қазір егіс алқабына айналып, жүгері егіледі.

Әлібек Шынтемір, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир