|
16.03.2020 | 20:59
10974

Қашықтықтан жұмысқа көшкен кезде, еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді – министр

Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттелмек

Қашықтықтан жұмысқа көшкен кезде, еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді – министр sputniknews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қашықтықтан жұмыс істейтіндердің еңбекақысы туралы пікір білдірді. Айтуынша, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттелмек.

«Қашықтықтан жұмысқа көшкен кезде, еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады», – деді  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ.

Бұдан бөлек, министр егер азаматтардың жұмыс көлемі қысқартылатын болса, жұмыс берушілердің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне өтуге құқылы екенін айтты. Ондай жағдайда, аптадағы жұмыс күндері немесе жұмыс күніндегі сағаты қысқартылуы мүмкін. Ал қызметкерлер жалақысын атқарылған жұмыс көлемі бойынша алады. Бұл мәселелер еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир