Алматыда Конституция күніне орай «Атамекен» әндер байқауы өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Сайысқа қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жастарды патриоттық сезімге баулып, отанға деген сүйіспеншілігін ояту – негізгі мақсатымыз. Осындай ұранмен бүгін Алматыда Конституция күніне орай «Атамекен» әндер байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайысқа қатысушылар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлініп, жанды дауыста ән шырқады. Алдымен 12 мен 16 жас, кейін 17 мен 29 жас аралығындағы өнерпаздар бақ сынап, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, іс-шараны ұйымдастыруға қалалық Жастар саясаты басқармасы мен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мұрындық болды.

«Мынау жастарға деген өте керемет мотивация болды. Өйткені,  сайыстарға қатысуға, үйірмелерге қатысуға балалардың әрқайсысының жағдайы бола бермейді. Қалтасы көтермейді. Сол үшін біздің демалыс орталықтарының ерекшелігі – балалар тегін үйірмелерге қатысып, үйренуіне, конкурстарға қатысуға мүмкіндік алады», – деді  «Бәйтерек» демалыс орталығының жетекшісі Мейіргүл Қазыбаева.  

Новости партнеров