Елімізде «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі болады

20.04.2022 01:23

Қырғызстан, Ресей, Грузия мемлекеттерінде жалғасады

Almaty.tv

Елімізде 3 маусым күні «Еуропа-Азия» атты 16- шы халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі болады. Осыған байланысты бүгін Алматыда дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынның басты мақсаты –  көпшілікті бірлікке үгіттеу. Нұр-Сұлтан қаласында бастау алып, 31 маусымға дейін Қырғызстан, Ресей, Грузия мемлекетінде жалғасатын қозғалысқа барлық ниетті жандар қатыса алады.

«Бейбітшілік және келісім шеруінің міндеті - бүкіл әлемге Қазақстанның бітімгершілік деңгейін көрсету. Әр түрлі дін мен ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүрсе екен дейміз. Жұртшылықты бейбітшілікке шақырамыз», – деді «Еуропа – Азия» бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин.