Қарағандыда көлік апатынан бір адам көз жұмды

03.09.2024 01:23

Зардап шеккендер бар

Almaty.tv

Қарағанды қаласында тапа-тал түсте көлік апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға сағат 14:00 шамасында болған. Зардап шеккендер де бар. Қазір олардың үшеуі дәрігерлер бақылауында жатыр. Кісі өлімімен аяқталған көліктер қақтығысы жылдамдыққа шектеу қойылған жолда болған.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды, – деді Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.