Алматылық жастар бейбітшілік шеруін өткізді

Жастар Алматының орталық көшелерімен жүріп өтіп, панфиловшы жауынгерлердің ескерткішіне гүлшоқтарын қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматының 80-ге жуық жас тұрғыны М. Горький атындағы саябақтан 28-ші Панфиловшылар саябағына дейін бейбітшілік шеруіне шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде алматылықтарды «Бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін!» деген сөздер жазылған плакаттар мен лозунгалар көтеріп шығуға шақырған үндеулер болды. Бұл үндеуге Алматы жастары үн қосты. Алайда іс-шара жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген еді.

Балалар «Бейбіт Қазақстан үшін», «Қазақстан бейбітшілік аумағы» және «Біздің күшіміз бірлікте» деген сөздер жазылған плакаттармен Алматының орталық көшелерімен жүріп өтті, еліміздің Әнұранын айтып, Панфиловшы жауынгерлердің ескерткішіне гүлшоқтарын қойды.

Шеру келісілмегендіктен, қалалық прокуратура өкілдері жастарға рұқсат етілмеген жиындарға тыйым салынғанын түсіндіріп, олардың таралуын сұрады.

Содан соң іс-шара аяқталды.
Новости партнеров