Алдағы уақытта валюта бағамы тепе-теңдік сипатына дейін төмендейді – Тимур Жақсылықов

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі теңге үшін тәуекелдер әлі де сақталып отырғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы уақытта валюта бағамы тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтін болады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның сөзінше, Ұлттық банк қажетті шараны қабылдаған. Қазір халыққа шыдамдылық таныту қажет деп санайды. Өйткені Үкімет инфляцияға қарсы шаралар қабылдауда және теңге бағамы тұрақтанып, өзінің тепе-теңдік мәндеріне қайта оралу мүмкіндігі бар.

«Менің жеке пікірім бойынша, қазір шалт қимыл жасаудың қажеті жоқ. Оқиғаның дамуына қарау керек. Қазір курс құбылмалы болуы мүмкін, бұл оқиғалардың күтпеген дамуына байланысты болып отыр. Бірақ бұл оның төмендеуі де, күшеюі де мүмкін дегенді білдіреді. Яғни, қазір ешқандай асығыс, қате қимыл жасамаған дұрыс», - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі сондай-ақ ұлттық валюта үшін белгілі бір тәуекелдер әлі де сақталып отырғанын атап өтті. Бұл халықаралық жағдайға және Ресей рублінің жағдайына байланысты болмақ.  

«Әрине, бұл Қазақстан экономикасына және теңге бағамына белгілі бір деңгейде әсер етеді. Бірақ Ұлттық банк қажетті шараларды қабылдады, сіздер оларды көріп отырсыздар. Менің ойымша, егер алдымен алыпсатарлық реакция болса, онда келесі курс тепе-теңдік мәндеріне түседі», - деді Тимур Жақсылықов.

Новости партнеров