Человейник: Қоғам белсенділері тұрғын үй кешенінің жаңа жобасына қандай баға берді

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматылықтарды біраз шулатқан алып тұрғын үй кешенінің жаңартылған жобасы әзірленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтарды біраз шулатқан алып тұрғын үй кешенінің жаңартылған жобасы әзірленді. Бастапқы нұсқада 57 көп қабатты үйдің тығыз орналасқаны соншалық  қала тұрғындары оны «Человейник» деп атап кеткен еді. Енді  мұнда тұрғызылатын баспана саны 2 есеге дейін қысқарып, аумақты көгалдандыру ісі мықтап қолға алынбақ. Жаңа жобамен тыңғылықты танысқан Almaty.tv тілшісі Сая Меңдеке жалғастырады.

Аумақта бой көтеретін тұрғын үй кешенінің жаңа эскиздік жобасын мамандар тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып түбегейлі өзгертті. Енді мұнда салынатын үйлердің саны, ғимрататтардың биіктігі айтарлықтай қысқарып, тұрғын үй маңын көгалдандыру ісіне басымдық берілмек. Бұрын 17 қабат болып жобаланған үйлер 13 қабатпен шектеліп, жалпы құрылыстың салыну тығыздығы 45 пайызға қысқарды.

Осылайша бұрынғы жеміс консервілері зауытының аумағында тұрғын үй кешенін тұрғызатын компания жаңа эскізді жоба әзірледі. Бұған дейінгі нұсқада тұрғын үй саны 57 болса, жаңасында 37 деп көрсетілген. Ең бастысы жасыл аймақ айтарлықтай ұлғаятын болды.

«1 шақырымға созылған желекжолда (бульвар) жаяу жүруге арналған жолдар, веложолдар қарастырылған. Ал коммерциялық орындарда мейрамханалар, дүкендер мен дәріханалар ашылады. Мұның бәрі жоба аяқталғаннан кейін 2700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», – деді құрылыс компаниясы бас директорының орынбасары  Еркін Байбатыров.

Тығыз ғимараттар таудан есетін самалға кедергі болады деген халық пікірі жаңа жобада ескеріліп, көгалдандырылған ашық аумақтарға басымдық берілді. Емхана, мектеп пен балабақшадан бөлек, заманауи ойын және воркаут алаңдар қарастырылған. Құжаттың әзірленуіне атсалысқан тәуелсіз сарапшылар жаңа жобаны қолдайтынын айтады.

«Жуырда ғана талқылау кезінде бізге бұл жобаның жаңарған нұсқасы көрсетілді. Көлемі жағынан екі есеге дейін қысқарған, үйдің қабаты азайған. Бұл – тамаша жаңалық. Халықтың ойы, пікірі ескеріліп жатқаны бізді, әрине, қуантады. Жаңа жобаны мен қолдаймын. Мұнда бәрі ескерілген», – деді  қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Тимур Елеусізов.

Кеңестің басқа мүшелері, бүгінде кез келген маңызды мәселенің міндетті түрде қоғамдық пікірге сүйене отырып қабылданатытын айтады. Бұл тәжірибенің еңгізілгеніне көп болмаса да, нәтижесі қуантады, дейді қоғам белсенділері.

«Қоғамдық кеңес үшін халықтың пікірі бірінші орында тұрады. Егер халық өзіне не қаласа, не дұрыс деп есептесе, оны біз тыңдауымыз керек, біріншіден. Екіншіден, осы халықтың пікірін, ойын, қаланың даму стратегиясын біз мемлекетке, қала әкімшдігіне, кәсіпкерлерге жеткізуіміз керек. Бірақ осы сұраққа біз 3 жақтан қарауымыз керек», – деді  қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Қазыбек Шайх.  

Құрамына жоба авторлары, тәуелсіз сәулетшілер кірген арнайы комиссия 1 ай бойына бұл жобаны қайта қараумен айналысты. Нәтижесінде көгалдандыру аймағы 3 гектардан 8 гектарға дейін ұлғайтылды. Құрылыс кезінде нысандардың сейсмикалық тұрғыда қуаттылығын бақылау ісі де, қоғамның жіті назарында болады.

Сая  Меңдеке, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров