Алматыда әлеуметтік маңызды тауарлар бағасы жіті бақылауға алынған

Almaty.tv
Almaty.tv
Қаладағы ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік маңызы бар тауарларға сұраныс көбейген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы ірі сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы тұрақты. Мемлекеттік комисия карантин кезінде азық-түлік бағасының шарықтап кетпеуін қадағалау мақсатында біраз іс-шараларды жүзеге асырған болатын. Шын мәнінде ірі сауда дүкендері қиналған халықтың қалтасын қағып жатқан жоқ па? Бұл сұрақтың жауабын Almaty.tv тілшісі іздеп көрген еді.

Елде төтенше жағдай кезінде мемлекеттік өкілетті ұйымдар әлуеметтік маңызды тауарлардың жеткілікті болуы мен бағасының шарықтап кетпеуін барынша қадағалауда. Осы мақсатта осы азық-түліктерге шекті бағалар қойылғаны тұрғындарды қуантқан еді. Мәселен: жұмыртқа, ет, жарма өнімдерң, сары май және сүт өнімдері – ең көп сұранысқа ие азық-түлік.

Алматыдағы ең үлкен сауда орнында әлеуметтік маңызы бар тауарларға сұраныс көбейген. Соның негізінде көптеген өнімдердің бағасында біраз өзгешеліктер орын алған. Десе де, дүкен иелері бізге баға тұрақтылығын ұстап тұрғанын айтады. Осы орайда жедел штабтың баға тұрақтылығы бойынша бекіткен тізімін қолымызға ұстатқан болатын. Оны өзіміз тексерсек: мұнда қарақұмықтың әр келісі 305 теңге деп көрсетілсе, күріштің бағасы әр келісіне 273 теңге, ал жарма өнімдерінің әр келісіне 185 теңге деп көрсетілген.

«Тауарлардың 3 санаты бар. Соның ішінде 19 тауарды мемлекет әлеуметтік маңызды өнім деп бекіткен болатын. Ал карантин кезінде аса қажетті әлеуметтік маңызды 9 тауардың бағасын тұрақты ұстап тұру қажет деп бекітті. Енді елде төтенше жағдай аяқталуына байланысты соңғы келісімшарт күшін жойды. Дегенмен біз тұрғындардың жағдайын ойлап, бағаны бірқалыпты ұстауды жөн көрдік», дейді ірі сауда желісінің PR-менеджері Дмитрий ШИШКИН. 

Тек қана қант бағасын бір қалыпта ұстау мүмкін емес дейді мұндағылар. Ол Ресей мен Беларусь елінен жеткізілетіндіктен, бағаны өздері белгілейді. Нарықпен салыстырғанда, шетелден келетін өзге тауарлардың құны доллар бағамына байланысты өзгерсе, көкөністер бағасы мезгіл сайын ауысады. 

Сонымен дүкен сөрелерінде азық-түліктің жеткілікті екенін байқауға болады. Ал біз берілген тізім бойынша тексеруді ары қарай жалғастырамыз. Келесі өнімдер - айран және сүт. Мұнда сүттің 1 литрі 221 теңге деп көрсетілген. Шынында да, 221 теңге екен. Ал 2,5 пайызды 1 литр айран өнімі 286 теңге деп көрсетілген. Шынында да, айран 286 теңге деп жазылып тұр.

Мегаполистегі барлық «Магнум» сауда желісі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Ірі сауда -бөлшек дүкендерінің қызметкерлері мұндағы азық-түліктің не себепті қолжетімді екенін тауарды арзан бағада көптеп алатындарымен түсіндірді.

«Қаймақ қымбаттамаған, сол бұрынғы бағада тұр. Майлылығы аз ірімшік те бұрынғы бағасымен тұр», «Сүт өнімдерінің бағасы көп өзгермеген. Бірақ көкөністің бағасы аздап көтерілді. Былтырғыға қарағанда әлі де түспей жатыр» дейді дүкен қызметкерлері.

Сондай-ақ, сауда орны барлық санитарлық нормаларды да естен шығармайды.

Ал дүкен қызметкерлері мұнда келген әрбір тұтынушының дене қызуын өлшейді. Ал дене қызуы жоғары болатын жағдайда дүкенге кіруге рұқсат жоқ. Сондай-ақ, дүкен желісі мынадай антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген және тазалық шаралары қатаң түрде сақталады. 

Қызметкерлер әрбір келушіден кейін азық-түлік арбаларының тұтқаларын сүртеді және бөлімдерді ылғалды жинауды жоспарлы жүргізеді. Өндірушілермен және жеткізу қызметі карантинге дейінгі кездегі бірқалыпты режимде жүзеге асуда. 

Аяулым Көлжігіт, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров