|
19.05.2020 | 21:57
28163

Алматылықтар қоғамдық көліктерде қарапайым сақтық шараларын ұстануды қойған

Мемлекет қоғамдық көліктердегі дизенфекциялау жұмысына қыруар қаражат бөлуде

Алматылықтар қоғамдық көліктерде қарапайым сақтық шараларын ұстануды қойған almaty.tv

Алматылықтар қоғамдық көліктерде қарапайым сақтық шараларын ұстануды қойған. Бұл туралы полиция мамандарының қалалық Мобилділік басқармасымен бірлесе жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Карантин режимі кезең-кезеңімен бәсеңдеп бастағаннан бері, қала тұрғындары сақтық ережелерін дұрыс сақтамай жүр дейді.

Полиция қызметкерлері қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маска таратып отырды. Карантиннің жалғасқанына қарамастан, тұрғындар немқұрайлылық танытып, автобуста қарапайым карантин ережелерін сақтамай жүр. Полиция қызметкерлері жүргізген рейд осыны көрсетті.

«Қазір өздеріңіз көрдіңіздер, кейбіреуі бетпердесіз жүр екен. Әрқайсысына ескертіп, әлі де карантин сақталғанын айтып түсіндірдік. Масканы жоғына бердік. Айыппұл ешқандай салынбайды. Тек қана түсіндіріп айтамыз. Ескертумен ғана шектеліп отырмыз», – деді қалалық Жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап САТТАРОВ.

Мемлекет қоғамдық көліктердегі дизенфекциялау жұмысына қыруар қаражат бөлуде. Санитарлық қызметкерлер күніне 4 рет тазалау жұмысын жасайды. Алайда тұрғындардлың өзі қарапайым ғана сақтық ережелерін ұстанбай отыр. Арақашықтықты сақтау былай тұрсын, олар тіпті маска киюді де қойған.

БЛИЦ:

– Маска жоқ па?

– Жоқ.

– Неге автобуста маска кимей жүрсіз?

– Киіп жүрмін ғой. Далада кішкене таза ауа жұтайын дедім.

Ал автобус жүргізушілері карантин ережесін сақтамаған жолаушыларға тек қарапайым қағидаларды сақтауды ескертіп отырамыз дейді. Ал, оларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға құқы жоқ екен.

«Біз жолаушы кірген кезде маска киіңдер деп айтамыз. Айнадан қарап отырамыз ғой, кім маскамен кірді, кім маскасыз кірді дегендей. Бірақ  біз оларды түсіре алмаймыз», – деді автобус жүргізушісі Марат ҚОШАҚАЕВ.

Елде төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, карантин әлі алынған жоқ. Демек, індеттен қауіп бар деген сөз. Мұны эпидемиолог мамандар да растап отыр. Сол себепті қалалық полицейлер қоғамдық көліктерге мұндай тексерістерді жиі жүргізетіндігін мәлімдеді.

Сая Меңдеке, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир