Әуезов ауданында 61 аз қамтылған отбасының қарызы кешірілді

Әуезов ауданында 61 аз қамтылған отбасының қарызы кешірілді
Жалпы кешірілген қарыздың көлемі 5 миллион 600 мың теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуезов ауданы тұрғындарының коммуналдық қызметке қарызы 300 миллион теңгеден асып кеткен. Берешектің көбі жылуға, ауыз суға және жарыққа жиналып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін аудандағы 61 әлеуметтік аз қамтылған отбасы, оның ішінде жанұяда мүгедек адамы бар, жалғызбасты ана және жағдайы төмен азаматтардың пәтер иелері кооперативі алдындағы қарыздары кешірілді.

«Бүгінгі күні бізге 200 мың теңге көмек көрсеткен «Нұр Отан» партиясына рахмет», - деді көпбалалы ана Бағдатгүл КӨПЕСОВА.

«Жағдайымыз төмен болғаннан соң, қарызымды төлей алмадым. Қазір екі мүгедек балама қараймын. Жұмыс істеймін. Бірақ ол жеткіліксіз», - деді  көпбалалы ана Айжан ДУЛАТОВА.

Жалпы кешірілген қарыздың көлемі 5 миллион 600 мың теңге. Жауаптылардың сөзінше, тұрғындар аталған соманы төлей алмайтындарын айтып аудандық «Нұр Отан» партиясына өтініш жазған. Содан кейін, партия пәтер иелері кооперативі  төрағаларына әлеуметтік әлсіз топтарды қарыздарынан кешіруді ұсынған екен. Әр азаматтың сомаға қарай 20 мыңнан 200 мыңға дейінгі берешектері жойылды.

«Қарыздарды қайтару үшін әртүрлі шара қолданып жатырмыз. Бұл жұмыс ары қарай жалғасады. Келесі кездесуіміз осы азаматтармен тұрғын үй мәселесі бойынша болады. Қалай кезекке тұру, қандай құжат керек? Және кім кезекке тұра алады. Әлде, болмаса осы Алматы қаласында пәтерге ие бола алады дегендей мәселелерді түсіндіреміз», - деді Алматы қаласы Nur Otan партиясы әуезов ауданық филиалының төрағасы, Әуезов ауданының әкімі Сайран САЙФЕДЕНОВ.

Новости партнеров