Алматыда жас күйші Ғаламат Бейсеқожаев концерт берді
18 жастағы Ғаламат Бейсеқожаевтың қоржынында 30-дан астам авторлық туынды бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Ұлы дала толғауы». Алматыда жас күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаевтың шығармашылық кеші өтті. Концертте музыкант өзі шығарған 15-тен астам күйін орындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, небары 18 жастағы Ғаламат Бейсеқожаевтың қоржынында 30-дан астам авторлық туынды бар. 2016 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасына арнап, «Атадан мұра» атты күй шығарған ол осыған дейін еліміздің бірнеше қаласында концерт беріп үлгерген.
«Бұл кеште өзімнің авторлық күйлерімді орындаймын және туған інім композитор Нұрәлі Бейсеқожаев та өзінің 2-3 шығармасын орындайды. Бұл – менің Алматыдағы екінші концертім. Ал негізі Қазақстан бойынша 6 концерт қойдық», – дейді жас күйші Ғаламат БЕЙСЕҚОЖАЕВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52