|
18.08.2023 | 20:25
644

ITM Fest - 2023: Алматыда қайырымдылық фестивалі өтті

Іс-шараның басты мақсаты – әр келушіге өз талантын, потенциалын ашуға жәрдемдесу

ITM Fest - 2023: Алматыда қайырымдылық фестивалі өтті Almaty.tv

"Тең қоғам. Тең IT. Тең өнер". Алматыда осындай ұранды желеу еткен IteachMe қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алғаш рет  ITM Fest -2023 қайырымдылық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Инклюзивті орта қалыптастыруға арналған іс-шараның басты мақсаты – әр келушіге өз талантын, потенциалын ашуға жәрдемдесу. Яғни, қатысушыларға әртүрлі шеберлік сағатын өткізу арқылы қабілетін шыңдауға мүмкіндік беру. Іс-шара ерекше жандар мен балаларға және ниет білдірген кез келген адамға арналған.

– Бүгінгі фестивальді ITM деп атап жатырмыз. Оның сөзінің өзінде IT деген сөз бар. Қазіргі таңда жастарға өзіне мамандық таңдау өте қиын. Сондықтан осы фестивальда өнер мен айтиді қосып, оларға қандай мүмкіндік барын айтып, даму жолын түсіндіреміз, – деді Iteachme қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева

– Фестиваль болып жатқанын кездейсоқ білдім. Тіркеуден өтіп, қатысып жатырмын. Мұнда әртүрлі конкурс өтіп жатыр. Соңында сыйлық береді екен. Тоғызқұмалақ ойнап, сурет салдым,  мобилографияны өттім, – деді қала тұрғыны Данияр Алпысбаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир