2025 – жұмысшы мамандықтар жылы: мамандар қалай білім алып жатыр

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжіне 60 жыл толды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжіне 60 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған орай білім ордасында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Мерейтой аясында жаңа кабинеттер, зертханалар және музей ашылып, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Іс-шараға білім саласының мамандары, ардагер ұстаздар мен түлектер қатысты.

"2025 жылғы Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаннан кейін жұмысшы мамандықтарын елге таныстыру мақсатында, жастарымызды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында осындай іс-шара өткізіліп отырғаны дұрыс деп ойлаймын. Оқу орны былтырдан бері жаңғырмалы жаңа электронды мамандықтар ашылған,  мамандар дайындап жатырмыз", – деді Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Бағдәулет Абызбаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "2025 – жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. Осы бастама аясында колледжде үш заманауи кабинет ашылды. Жаңа зертханалар мен оқу бөлмелерін жабдықтауға 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Білім мекемесінің басшылығы осы арқылы оқу сапасын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр. Салтанатты іс-шарада студенттер өнерін ортаға салып, оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен жетістіктерін қамтитын арнайы көрме өткізді.

"Орта білімді мамандарын дайындау үшін ақша бөлінді. Сол себепті Мемлекет  басшысының тапсырмасын орындауға үлес қосамыз", – деді ардагер ұстаз Қуандық Баймұхамбетов.

Оқи отырыңыз: 2025 жылы Қазақстанды қандай өзгеріс күтіп тұр

Новости партнеров