2025 жылы ақылы жолдардан түскен табыс екі есе өсті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың қорытындысы бойынша ақылы учаскелерден түскен табыс шамамен 86 млрд теңгені құрады. Ал 2024 жылғы көрсеткіш 48 млрд теңге болған. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі таңда елімізде жалпы ұзындығы шамамен 4,9 мың шақырымды құрайтын 26 ақылы учаске жұмыс істейді. Олардың саны артып, негізгі республикалық тасжолдарды қамтуда. Ақылы жүйе мемлекеттік бюджетке тәуелді болмай, өзін-өзі қаржыландыратын мүмкіндікке ие болды.

2024 жылы ақылы жолдан түскен 48 млрд теңге табыс жол инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуіне, оның ішінде ақылы учаскелерді күтіп ұстауға жұмсалды. Сонымен қатар төлем алу жүйесінің қызметін қамтамасыз етті. Жиналған табысқа 43 мың м²-ден астам аумақта шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 17,6 мың км жол белгілері сызылды, 29 мыңға жуық сигналдық бағандар орнатылды. Сонымен қатар 680 бірлік арнайы техника сатып алуға мүмкіндік берген.

2025 жылы жұмыс көлемі артты. Бұл жылы түскен 86 млрд теңге ақылы учаскелерді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсалды. Сонымен қатар төлем алу жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге және техниканы жаңартуға қаражат бағытталды. Есепті кезеңде 61,4 мың м² аумақта шұңқырлы жөндеу жүргізілді, 19,6 мың км жол белгілері сызылды, 4 мыңнан астам жол белгілері орнатылды және 31,6 мың метр қоршаулар жөнделді.

Бұған дейін ақылы жолдардың құнын төлемеген жүргізушілерді жауапкершілікке тарту азайғанын жазған едік. Жаңа тәртіп бойынша, жүргізуші жол жүрген күннен бастап 30 күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні ғана бақылау органдарына жолданады. Бұрынғы нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күн ішінде төлеуге тиіс болған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 22 мың шаршы метрден астам жол төсемі жөнделеді

Новости партнеров