2027 жылдан бастап маркетплейсте қатаң бақылау күшейеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Осы уақытқа дейін  2 трлн теңгенің тауары сатылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2027 жылдан бастап Қазақстандағы маркетплейстердегі сатушылардың аккаунттары бұғаттала бастайды. Бұл өзгеріс тауарының шығу тегін растайтын құжаты жоқ сатушыларға қатысты болмақ. Қазір заң жобасы Ашық «Нормативтік құқықтық актілер» сайтында  талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Анықталғандай, осы уақытқа дейін маркетплейстерде 2 трлн теңгенің тауары сатылған. Бірақ 200 млрд теңге болатын тауардың шығу тегін растайтын құжаты болмаған.

Енді осының алдын алу үшін Ұлттық экономика министрлігі заңға өзгерістер енгізіп, тауарының қайдан шыққанын растайтын құжаты жоқ кәсіпкерлердің маркетплейстегі аккаунттары бұғатталады.

Заң жобасы 2026 жылдың 25 қыркүйегіне дейін талқыланады.

Оқи отырыңыз: Каспий қақпасы кеңейді: Ақтау мен Құрық порттарында жүк тасымалы артты