2027 жылы студенттердің шәкіртақысы өсе ме
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Студенттер келесідей мөлшерде шәкіртақы алады:
- бакалаврлар – айына 52 372 теңге;
- мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер – 84 000 теңге;
- магистранттар – 117 098 теңге;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша магистранттар мен резидентура дәрігерлері – 134 664 теңге;
- докторанттар – 262 500 теңге.
Аралық аттестация қорытындысы бойынша тек өте жақсы баға алған бакалаврлар мен магистранттар жоғарылатылған шәкіртақы алады.
Базалық шәкіртақыға 15 пайыз қосып есептегенде, жоғарылатылған шәкіртақы мөлшері төмендегідей болады:
- бакалаврларда – 60 228 теңге;
- мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттерде – 96 600 теңге;
- магистранттарда – 134 663 теңге;
- "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша магистранттар мен резиденттерде – 154 864 теңге.
Сондай-ақ келесі санаттар үшін жоғарылатылған шәкіртақы қарастырылған:
- көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар студенттерге – базалық шәкіртақыға 75 пайыз қосылады;
- жетім балалар мен ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларға – 30 пайыз қосылады.
Оқи отырыңыз: Бастауыш сынып оқушылары үшін аралық бағалау қалай жүргізіледі
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16