Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ

22.02.2022 01:28

Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді

© РИА Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте шоты жоқ, шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған. Және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын», - деді Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.