Алатау ауданындағы 20 жанұя азық-түлікпен қамтылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұйымдастырушылар бұл шаруаның алдағы уақытта ауқымын кеңейтуді көздеп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қысылтаяң шақта жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға көмек қолы созылды. Алатау ауданындағы 20 жанұя азық-түлікпен қамтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайырлы істің бастамашысы – «Мөлдір» қайырымдылық қоры. 25 келіні кұрайтын азық-түлік себеттерінде ұн, шай, күріш, сұйық май бар. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бастау алған игі іс мұнымен шектелмейді. Алда тегін медициналық қорғаныс құралдарынын тігіп, оны қаладағы ауруханаларға тарату міндеті тұр. 

«Жағдайы нашар отбасылардың кішкене болса да халықпен бірге екенін, әкімшілік басқармалардың, министрліктің ол кісілердің қасынан әрдайым табылатындығын, халықтың қамқорлығына бөленгендігін, бір-бірін қиын жағдайда қолдай алатындығын біз «Мөлдір» қайырымдылық қоры арқылы насихаттап жатырмыз. Бұл өнер саласының қызметкерлерінің салып отырған қаржылық көмегі», – деді Қайырымдылық қордың ұйымдастырушысы Еркебұлан Дудабаев.

«Ол кісілер 200-ге жуық медициналық қорғаныс киімдерін беріп отыр. Халаттар бір рет қолданатын, бахила мен басқа киетін бас киім беріп жатыр. Олардың қазір көлемі 500-ден асты. Бұл – бірінші партиясы. Алдағы уақытта тағы береміз деп сендірді», – деді тігін цехының әкімшісі Дина Елтүзерова.

Ұйымдастырушылар бұл шаруаның алдағы уақытта ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Ал отандастарымызға қол ұшын созайық ұранын ұстанған қордың мұндай бастамасына көпбалалы аналар ризашығын білдірді. 

«Уақытылы болды. Барлық керекті заттар бар ішінде, су, май, сүт. Бала-шағама бәрі жетті. Қайырымдылық қорына мың да бір рахмет! Алла разы болсын!» – деді Көпбалалы ана Алтынай Беймирзанова.

Новости партнеров