Алматыда бір әйел көшеде босанды

15.06.2021 01:30

Аяқ асты толғағы келген келіншек перзетханаға жетіп үлгермеген

Алматыда бір әйел көшеде босанды
открытые источники

Алматыда бір әйел көшеде босанып қалды. Аяқ асты толғағы келген келіншек перзетханаға жетіп үлгермеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы сол маңнан өтіп бара жатқан. Дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған. Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер. Ұлды болған келіншектің жақындары нәрестенің дүние есігін ашуға жәрдемдескен бүкіл медицина қызметкеріне алғыс айтты.