|
21.03.2022 | 20:31
759

Қоғам қайраткерлері Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады

Наурыз – ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, көңілдің кеңейетін кезеңі

Қоғам қайраткерлері Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады Almaty.tv

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы болған Наурыз мерекесімен қазақстандықтарды ақын-жазушыларымыз, эстрада жұлдыздары да құттықтады. Еліміздің басты байлығы болған егемендігіміздің мәңгі болуын айтып, ақжарма тілектерін жеткізді. Ұлық мерекеде ел-жұрттың амандығы мен бақ-берекесін тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

     

«Пандемиядан кейін, одан кейінгі мына қасіретті қаңтардан кейін бәріміз қайтадан түлеп, тек жақсы заманда өмір сүрейік. Барлық жаманшылық артта қалсын. Еліміз аман болсын, әр отбасыға ырыс, береке тілеймін. Ақ мол болсын!», - деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек.

«Жаңа жылымыз берекемен, мерекемен келсін, әрбір отбасыға аманшылық тілеймін. Әбірбір әулетте тек жақсылық болсын. Ақ мол болсын. Келер жылдан күтер үмітіміз зор! Бәріміз бірге талай жетістіктерде, үлкен мерекелік кештерде жолығамыз деген үміттеміз», - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев.

Наурыз – жаймашуақ көктем мезгілінің бастауы ғана емес, сонымен қатар ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, көңілдің кеңейетін кезеңі. Ел алдында жүрген өнер жұлдыздары Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесінде ақ ниет, ізгі тілектерін жолдады.

«Шаңырақтарыңызда, елімізде ақ мол болсын, тоқ заман болсын. Бірлігіміз жарасқан, тату-тәтті ел болайық! Наурыздан Наурызға аман-есен жете берейік! Наурыз мерекесі құтты болсын!», - деді «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов.

«Қазақ елі Ұлыс оң болсын, ақ болсын! Наурыз құтты болсын. Келіп жатқан Жаңа жылымыз ыры-берекеге толы болсын. Жаңа күнде жақсылыққа тек қана қуанышты сәттерде болыңыздар, аман болыңыздар, мереке құтты болсын!», - деді әнші Аққу Байжігіт.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир