|
21.03.2022 | 20:37
1377

Халықаралық бақыт күні: Алматыда балалар фестивалі өтті

Биыл 10-рет өткізіліп отырған мерекелік шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды балалардың шығармашылығын қолдау

Халықаралық бақыт күні: Алматыда балалар фестивалі өтті Almaty.tv

20 наурыз – Халықаралық бақыт күні. Осы атаулы күнге орай «Алматы қызыл алмасы – берік және бақытты отбасының символы» атты балалар фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

      

Биыл 10-рет өткізіліп отырған мерекелік шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі  дарынды балалардың шығармашылығын қолдау.    

Кәусар Байгелова – қаладағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған № 2 арнайы мектеп-интернатының оқушысы. Анасының айтуынша, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған 3 айлық шағында сал ауруына шалдыққан. 7 жыл үздіксіз ем алуының нәтижесінде қазір жағдайы бірқалыпты оңалған. Мерекелік шараға аса жауапкершілікпен дайындалған Кәусар көптің алдында өнер көрсеткеніне қуанышты.

«Өскенде мен актриса болғым келеді. Мен мұндай байқауларға алдағы уақытта тағы қатысқым келеді. Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Күшті балалар екен. Осы байқауда әбден достасып, бауыр басып қалдық», - дейді қатысушы Кәусар Байгелова.

Фестиваль осы уақыт аралығында дарынды балаларды бір ортаға жинаған халықаралық алаңға айналды. Биылғы концерттік бағдарламаға бүлдіршіндер алыс-жақын шетелдерден арнайы қонақ болып келді.  

«Біз өмірдің қиын сәттеріне тап болған балалармен жұмыс істейміз. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі балалар мен интернатта өскен жасөспірімдер бар. Олардың көзінен өмірге деген, шығармашылыққа деген сүйіпспеншілігін көрсеңіз. Елімізде әр бала бақытты болуға лайық. Бүгінгі шара арқылы осы мақсатамыз орындалды деп білеміз», - деді ұйымдастырушы Эльмира Әлиева.

5 пен 16 жас аралығындағы балалардың қатысуына мүмкіндік берген фестивальде өрендер өнер көрсетіп қана қоймай, өздерінің тың идеяға толы жобаларын да ұсынды. Соның нәтижесінде қатысушылар түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты атанып үлгерді.

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир