Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығулар өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Басты міндет – граната мен автоматты мүмкіндігінше тиімді пайдалану
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыс шеберлігі, граната лақтыру. Жамбыл облысының әскерилері соғыс жаттығуларына дайындық өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары әскери техниканың көмегімен іс-қимылдарын пысықтауға мүмкіндік алды.

Аймақта әскерге борышын өтеуге келген жас жауынгерлер теория жүзінде оқыған барлық жаттығуын іс жүзінде орындап, алғашқы ауыр сынақтан өтті. «Теріс-Ащыбұлақ» полигонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының таулы-қорықшы бөлімшесінің жауынгерлері алдымен атыс дайындығы мен граната лақтыру жаттығуын пысықтады.

Жаттығудың ең қиын кезеңі – ондаған тонна тартатын брондалған техниканың астына жату. Басты міндет – граната мен автоматты мүмкіндігінше тиімді пайдалану. Олардың сабағы көршілес «Айша бибі» полигонында да өтті. Ал механикаландырылған бригаданың сарбаздары жаяу әскердің жауынгерлік машинасының астында жатты.

– Қорқыныш болады, әрине. Сарбаз болған соң, бойдағы қорқынышты жеңесің. Сол үшін де әскерге қызмет етуге келдік. Полигондағы атысты, тактикалық жаттығуды жақсы өткіздік, – деді қатардағы жауынгер Сырым Төрехан.

Газдан қорғайтын маскасын киіп, жаудан жасырыну үшін Пластун жолағын еңсеру. Бұл – жекпе-жектің элементтері. Жауынгерлер аталмыш негіздерді неғұрлым жақсы игерсе, олардың басқа тапсырмаларды орындауы жеңіл болады.

– Жас сарбаздарға сабақ қиын деп ойлаймыз. Бірақ қорқынышын жеңуге көмегі зор, – деді Әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары Қуаныш Ермекбаев

Әскери өмірдің дәмін енді татқан жас сарбаздар үшін бұл ерекше іс-шара болды. Себебі нағыз жауынгерлік міндеттер нақ осы оқу-жаттығуда сыналады. Басшылық құрамның айтуынша, бұл – жас сарбаздардың шыңдалып, әскери өмірге бейімделуіне жасалған нақты қадамы.

Жомарт Есқара, Дина Мухаринова, Владимир Мартыненко, «Алматы» телеарнасы, Жамбыл облысынан

Оқи отырыңыз: Қапы қалмаңыз: көрермен көзайымына арналған үздік жобалар

Новости партнеров