Алматыда «30 игі іс» қайырымдылық акциясы басталды

03.06.2021 01:33

Сауапты іске бастамашы болған мамандар бұл челленжді басқа аудандарға да жолдады

Алматыда «30 игі іс» қайырымдылық акциясы басталды. Медеу аудандық білім бөлімі мен жекеменшік балабақша меңгерушілері ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік таратты, деп хабарлайды Almaty.tv

Одан бөлек жеке балабақшалар көпбалалы отбасыларға арнап орын бөліп отыр. Сонымен қоса сауапты іске бастамашы болған мамандар бұл челленжді басқа аудандарға да жолдады. 

«Шағын кәсіпкерлердің өз балабақшаcы бар. Олар осы аудандағы осал топтағы аз қамтылған отбасылардың тізімін алды. Оның ішінде балабақшаның, мектептің ата-аналары бар», – деді Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова.