Алматыда мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашылатын болды

Informburo.kz
Informburo.kz
Қазіргі уақытта мониторингтік топтармен мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың дайындығы тексерілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 33 «Нысанның жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес, биылғы 1 маусымнан бастап Қаулыдағы нұсқаулыққа сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтаған жағдайда, балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда (жасы бойынша) кезекші топтар ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Карантин жағдайында балабақшалардың жұмысқа дайындығын объективті түрде бағалау мақсатында Білім басқармасының бұйрығымен құрамына эпидемиолог-мамандар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері, аудандық әкімдіктер мен Білім басқармасының, «Nur Otan» партиясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген 9 мониторингтік топ құрылды.

Қазіргі уақытта мониторингтік топтар мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың дайындығын тексеруде.

Кезекші топтар мониторингтік топтардың жұмыс қорытындысы бойынша берген дайындық актісін алғаннан кейін ғана ашылады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарын ашу үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау қажет:

- балаларды кезекші топтарға учаскелік педиатрдың денсаулығы туралы берген анықтамасымен қабылдау, одан кейін бала 3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда тексеріп қабылдау қажет;

- баланы мектепке дейінгі ұйымдарға мына санаттағы: соңғы 14 күнде коронавирус жағдайлары тіркелген шет елдерден және өңірлерден келген тұлғалардың, жүкті әйелдердің, 65 жастан асқан тұлғалардың, өткір респираторлық ауру белгілері байқалған тұлғалардың әкелуіне болмайды;

- қызметкерлерді жұмысқа COVID-19-ға (ПТР, күні 7 күннен кешіктірілмеген) зертханалық зерттеудің нәтижесі теріс болған жағдайда ғана қабылдау ұсынылады.

Новости партнеров