|
05.03.2024 | 17:34
222

Жол сапасы әкімдердің рейтингіне әсер ете ме

Елімізде автомобиль жолдарын паспорттауға басымдылық берілуде

Жол сапасы әкімдердің рейтингіне әсер ете ме Almaty.tv

Жол сапасы әкімдердің рейтингіне әсер етеді. Мамандардың айтуынша, бағалау 8 өлшемшарт бойынша сараланады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Әкімдердің жол құрылысы жобаларын қаржыландыруы, автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық күйдегі үлесін арттыруы, ұлттық жол сапа орталығы тарапынан берілген  ескертулер мен жолдарды тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер мен ақауларды жоюға қатысты әкімдіктерге жолданған қызметтік хаттарға жауап қайтаруы, уәкілетті мекемемен кері байланысқа шығу белсенділігі секілді өлшемшарттар бар.

Осы мақсатта жол құрылысымен айналысып жатқан жобалаушы мекемелердің, ауыл-аудан және қала әкімдіктерінің өкілдері арнайы оқытудан өтуде. Алматы қаласында өткен оқыту семинарына сегіз ауданның әкімдік өкілдері мен қала әкімдігінің жол құрылысына жауапты мамандары қатысты. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мекемесінің өкілдері жергілікті мамандарға тиісті түсіндірме, оқыту жұмыстарын өткізді.

- Мұндағы мақсат - автожолдардың құрылысымен айналысатын мердігер компаниялар, жобалаушы мекемелер мен олардың қызметіне тапсырыс беруші жергілікті әкімдіктердің қызметкерлеріне жол саласына енгізілген өзгерістерді, жаңа технологиялар жайлы айтып түсіндіру. Бір жаңалық - биылдан бастап елімізде әкімдердің рейтингі жолдардың сапасына қарай жасалатын болды. Осы тұрғыдан 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав Үкіметке тапсырма жүктеген болатын. Соған сәйкес өткен жылы сала министрлігінде белгілі бір методика жасақталды. Соның аясында қазір бағалау жұмыстары жүріп жатыр, - дейді “ЖАҰСО” РМК сапаны бақылау департаментінің бөлім басшысы Қуаныш Төлеуханов.

Қазіргі уақытта елімізде автомобиль жолдарын паспорттауға басымдылық берілуде. Ұлттық орталық мамандары 2023 жылы жол саласында орын алған ақаулықтардың биыл қайталанбауын ескертуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир