Орталық Азиядан Қазақстан тұңғыш рет әкімдерін өзі сайлайтын дәрежеге жетіп отыр – Айдос Сарым

26.07.2021 01:34

Екіншіден, біз 2-3 жылдан кейін аудан әкімдерін сайлауға кірісетін боламыз

almaty.tv

Бүгін Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Еліміздің әр өңіріндегі аудандық маңызы бар қалалар, ауыл мен кенттер және ауылдық округтердің басшыларын таңдауға жергілікті тұрғындар таңнан бері дауыс берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым Орталық Азиядан Қазақстан тұңғыш рет әкімдерін өзі сайлайтын дәрежеге жеткенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі ауыл әкімдерін сайлау – бұл биліктің табиғатын, болмысын, құрылымын өзгертетін революциялық қадам дер едім. Өйткені Орталық Азиядан Қазақстан тұңғыш рет әкімдерін өзі сайлайтын дәрежеге жетіп отыр. Бұл – бір. Екіншіден, біз 2-3 жылдан кейін аудан әкімдерін сайлауға кірісетін боламыз. Бұрын «ол мына жақтың әкімі, мына жақтан келген еді, тыңдаймыз, тыңдамаймыз» деген сияқты мәселе болатын. Бүгінгі күні сайланған әкімге ауыл халқы көмектесуге мәжбүр болады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым.