Саяси қуғын-сүргін жылдары елімізге 600-ден астам суретші жер аударылған

31.05.2022 01:34

Рухани шара 31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылды

Almaty.tv

Саяси қуғын-сүргін жылдары елімізге 600-ден астам суретші жер аударылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Олар қиын-қыстау кезде де шығармашылық өнерді тастамай, темір тордың артында отырып бірнеше туынды жазып қалдырды. Танымал суретшілердің картиналары бүгінде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде келушілерге электронды форматта көрсетілді. Қазір құнды деректер еліміздің түкпір-түкпіріндегі өнер мұражайларында сақтаулы. Рухани шара 31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылды.

«Ішкі жан дүниесін суреттері арқылы бейнелеген. Әрине, ол кез үшін  жетістік деп санаймын. Себебі, халыққа өмірге деген көзқарасын, болып жатқан саяси процестерді сурет арқылы көрсете білу - өнер», – деді тарих ғылымдарының кандидаты Талғатбек Құлтаев.