Алматыда жылыту маусымына дайындық қалай жүргізіліп жатыр

30.08.2023 01:35

Қалалық мәслихат депутаттары ашық жүйе енгізуді жоспарлап отыр

Иллюстративное фото smart-technology-company.ru

Алматыда жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссия өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауаптылардың айтуынша, «Алматы жылу желілері» компаниясы аудиторлық тексерістің нәтижесіне сәйкес жұмыс атқарып жатыр. Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары ревизиялық комиссияның қызметін күшейтіп, ашық жүйе енгізуді жоспарлап отыр.

– Ашық портал керек. Кез келген басқарма жұмысы, ревизиялық комиссияның қызметі ашық, онлайн болса, оны қалаған уақытта көре аласың, – деді қалалық мәслихат депутаты Жалынбек Жайнарбай.

Оқи отырыңыз: Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай өтеді