2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25 пайызға қысқарады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын талқылау барысында, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында белгілі қазақстандық саясаттанушы Айдос Сарым, мемлекеттік қызметкерлер штатын қысқарту туралы өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет Басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» Жолдауында мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында даярланған жас кадрлар тартылатынын атап өтті. Сонымен бірге, 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер санының біртіндеп қысқаруы, ал босаған қаражат неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға бағытталатын болады. Мәселен, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлық-баллдық шкаланы енгізу жоспарланып отыр. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен уәждемесінің арттырады. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25 пайызға қысқарады.
Президенттің бұл бастамасын жетекші саясаттанушылар қолдайды.
«Осы жылдар ішінде Қазақстанда ресми түрде мемлекеттік қызметкерлер жүз мыңнан кем екені белгілі болды. Қазір, тек осы жылы ғана 10 мың адамды қысқарту керек, келесі жылы тағы 15 мың мемлекеттік аппарат жинақы болуы тиіс», – деді Айдос Сырым.